Қарттарым – асыл қазынам

Қазақ халқының ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бұл игі дәстүр лайым жалғасын табуда. Ұлы Жеңістің 76 жыл толған күні 9 мамырда ауданымыздағы ҰОС-ның ардагерлері Сарқан қаласында тұратын Ысқақов Берлібекті, Пограничник ауылында тұратын Ульянов Геннадий Федоровичті, Қарғалы ауылында тұратын Галкин Алексей Федоровичті ауданымыздың жас кәсіпкері Сәкенов Дархан Қадырұлы құттықтап, ұлттық дәстүрімізге сәйкес үш ҰОС ардагерінің иығына шапан жауып, дастархандарын тәтті дәмге толтырып, тағы басқадай азық-түлік себеттерін табыстап,  мерекелік тілектерін білдірді.

Өз кезегінде ардагерлеріміз көрсетілген сый-құрмет үшін үлкен ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Шіркін, осындай жас кәсіпкерлеріміз көбейіп ардагер-лерімізге, тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетіп жатса нұр үстіне нұр болар еді.

Қ. ЖАНАСБЕКОВ,

аудандық ардагерлер ұйымы филиалының төрағасы, Сарқан ауданының Құрметті азаматы.

Мәліметпен бөлісу: