Аса маңызды экономикалық және саяси мәселе

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауында елімізде атом электр станциясын салу мәселесін жалпыұлттық референдумның көмегімен шешу керектігін айтты.
«Стратегиялық жоспарларды қоғамда кеңінен талқылау керек деп санаймын.

         Ел өміріндегі әрбір маңызды қадам жұртшылықпен бірлесіп жасалуға тиіс. Атом электр стансасы туралы референдумға қатысты да дәл солай болуы керек», — деді Президент.

Мемлекет басшысы атом энергетикасын дамыту аса маңызды экономикалық және саяси мәселеге айналғанын және ұлттық қауіпсіздікке тікелей әсер ететінін еске салды.

        Елімізде АЭС салынса болашақта бұл елді электр энергиясының тұрақты көзімен қамтамасыз етіп қана қоймай, ядролық технология саласындағы ғылыми зерттеулер мен халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады. Әрі еліміздің болашағына да жақсы әсер етеді. Сондықтан референдумға барып, өз таңдауымызды жасайық.

А. ӨМІРБЕКОВА,

Сарқан политехникалық колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Мәліметпен бөлісу: