Ашық пікір алмасты

Жуырда аудан әкімі аппаратының  ұйымдастыруымен  Алмалы ауылдық округінде көшпелі семинар-кеңес өткізілді. Семинарға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, аудандық жер қатынастары, қаржы бөлімдерінің басшылары, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары, аудандық Әділет басқармасының басшысы, жылжымайтын мүлікті тіркеу орталығының директоры, Сарқан қаласы, ауылдық округтердің әкімдері жауапты мамандары шақырылды. Сонымен қатар, семинар жұмысына Алматы облысы әкімінің бас инспекторы Абдрахманова Жаннат Тұрысбекқызы қатысты.

 

 

Семинар барысында Алмалы ауылдық округінің әкімі Асқар Тұрғамбеков ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруда атқарылып жатқан жұмысы туралы ақпарат берді. Одан кейін Алмалы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Орынбасар Ахметова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Оралбек Тертюбаев, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Мадина Төлеуова, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Ғазиз Есжанов, аудандық Әділет басқармасының басшысы Әнуар Сейпейов сөз алып, мемлекеттік ұйымдарда іс қағаздарды жүргізу тәртібі, жаңа форматты атаулы әлеуметтік көмек, округтерде кооперативтерді құру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді анықтап, мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары және 2017-2019 жж. аралығындағы жер пайдаланушылардың құжаттарын түгендеу (ревизия) туралы және тіркеуде жоқ жылжымайтын мүліктерді тіркеуге алу жөнінде атқарылуы тиіс мәселелер талқыланды.

Жиынға қатысушылар күн тәртібіндегі маңызды мәселелерге қатысты және өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, семинарға қатысушылар Алмалы ауылында орналасқан әлемеуттік нысандардың жұмысымен танысты.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: