
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланыс және рухани ынтымақтастық нышаны ретінде Түркістанда бой көтерген мешітпен танысты.
🟦Құлшылық үйінің орталық залында Құран оқылды.
🟦Мешіт Өзбекстан Президентінің Түркістан тұрғындары мен барша қазақстандықтарға тартуы ретінде салынған.
🟦Ғимаратта дәстүрлі ислам элементтері заманауи құрылыс технологияларымен үйлесім тапқан. Қасбеті мен ішкі аумағы ұлттық ою-өрнекпен және мұсылман каллиграфиясымен безендірілген. Мұнаралардың биіктігі – 61 метр.

🟦Ғибадат орны жаңа инженерлік желілермен жабдықталған. Сондай-ақ абаттандырылған аумақта жарықтандыру жүйелері, демалыс аймақтары, субұрқақтар бар.
t.me/aqorda_resmi
