Атқарылған жұмыстар туралы есеп берді


Бүгін «AMANAT» партиясы Сарқан аудандық
филиалының партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.


Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Атап айтқанда ауданға 100-ден астам жас мамандарды тарту, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алуға несие беру бойынша Сарқан аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының 2024 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмысы және жыл соңына дейін атқарылатын жұмысы туралы есебін тындау және Сарқан ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ағымдағы жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмысы туралы есебі тыңдау.

«AMANAT» партиясы Сарқан аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасының орынбасары Жасакпаев Талғат Сағынғалиұлының модераторлығымен өткен жиында алғашқы баяндаманы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы

Аслан Абдрахманов жасап, бөлімнің жартыжылдықта атқарған жұмысы туралы жан-жақты мәлімет берді. Баяндамадан соң Аслан Төреханұлы жұмысы бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиында сондай-ақ күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Жалел Қудияров сөз сөйледі. Аудандағы саяси, діни ахуал турасында, спорт, мәдениет салаларының тыныс-тіршілігі, мемлекеттік тілдің аясын кеңейту, мәртебесін көтеру сынды өзекті мәселелер жайлы баяндамасын нақты сандармен өрнектеген Жәлел Қалелұлы сөзінің соңында партиялық бақылау комиссиясының қатысушыларының сауалдарына жауап берді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: