Екіаша ауылдық кітапханасында – 30 тамыз Конституция күніне орай көпшілік арасында «Ата Заңым — айбыным» атты тақырыпта ашық көрме ұйым-дастырылды. Конституция мемлекетіміздің тарихи дамуының негізі ретінде ғана танылып қоймай, ол барлық заңдардың бастауы болып табылады. Елбасының сөзімен аяқтасақ: «Конституцияны қатаң ұстану — бұл мемлекеттіліктің табысты дамуының және қоғамдағы азаматтық келісімнің негізі. Ол бойынша өмір сүру- бұл демократияның ең жоғары мектебі. Бұл мектептен барлығымыз өтуге тиіспіз. Біздің міндет-Конституцияға аса ұқыптылықпен қарау.Өзіміздің елімізді , өзіміздің тарихымызды, өзіміздің жетістіктермізді қалай құрметтесек, оны солай аялауымыз керек
Назым Идрис,
Екіаша ауылдық кітапханасының кітапханашысы.