11 қыркүйек күні Сарқан қалалық әкімдігінің мәжіліс залында «Атом электр станциясы болашақ кепілі» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдар, аналар, ақасақалдар кеңесі өкілдерінің және «Сарқан» газетінің директоры Ж. Игіманның қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып өткізілді.
Сонымен қатар аталған шараға көпбалалы аналар да қатысып, игі бастамаға қолдау білдіріп, АЭС-тің салынып, қолданысқа берілуі болашағымыз үшін маңызды қадам болатынын жеткізді.
Іс шара барысында сөз алған «Сарқан» газетінің директоры Ж. Игіман «Біз күнделікті тұрмыста қуат көздерін пайдаланамыз. Ал жаңартылмайтын электр өндіру процестері қоршаған ортаға, өзімізге тиімсіз болып отыр. Сонымен қатар жетпеген энергияны көрші мемлекеттерден тасимыз. Бізге еліміздегі электр энергиясы нарығын қамтамасыз етудің пәрменді тәсілін қалыптастыру керек. Ол әрине — АЭС құрылысын жүргізу » деп 6 қазан күні өтетін республикалық референдумда барша жұрттың дауысының маңызды екендігіне тоқталды.
Жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға қоғамдық пікір көшбасшылары толыққанды жауаптар берді.