Атом электрстанциясының аса қажеттілігі бұл біздің экономикамыздың дамып шарықтауының бірден бір ықпалы. АЭС ұзақ мерзімді экологиялық тәуекелдерді барынша азайтатын технологияларды пайдаланады. Радиоактивті қалдықтар қауіпсіз сақталады және өңделеді, ал қауіпсіздік жүйелері олардың қоршаған ортаға таралуына жол бермейді.
Мемлекет басшысы Парламенттің қос палатасында АЭС салу жоспарын ұсынып, 06 қазанда өтетін Референдумда өз таңдауларын жасауды атап өткен еді. Осыған орай аудандық ардагер ұйымы ағымдағы жылдың 11 қыркүйектегі кеңейтілген отырысында АЭС құрылысын салу жөніндегі мәселені қарап, АЭС-тің құрылысын өз мемелекетімізде салып қолдайтындарын білдірген еді. Мамандардың сараптауынша АЭС тиімді. Қазақстан міндетті түрде атом энергетикасын дамыту керек. Неге? Өйткені бейбіт атомды мақсатты пайдалану, тек АЭС-ы емес, ядролық медицина, өнеркәсіптік қажеттіліктер үшін радиоизотоптар-өндіру уақыт талабы.
Қазірдің өзінде Қазақстан электр энергиясының тапшылығына тап болуда. Сол тапшылықты көршілес елдерден сатып алып еңсеріп келеміз. Бұл-тәуелділік. Халық санының өсуі, электр энергиясын тәуелділікті одан әрі үдете түспек. Сол мақсатта, бізге АЭС құрылысын салу аса қажет, мүмкіндіктері орасан зор болмақ.
Сарқан аудандық «Ардагерлер Ұйымы»
филиалының төрағасы
Қ.Жанасбеков