Бүгін, Сарқан көпсалалы колледжінде білім беру саласы қызметкерлерімен «Атом энергетикасы – ел дамуының болашағы» тақырыбында семинар өткізілді. Шарада атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелері жан-жақты айтылды. АЭС құрылысы – бұл Қазақстанның алдағы ұзақ жылдардағы табысты дамуының кепілі болатын серпінді жоба болып табылады. Еліміздегі және әлемдегі барлық озық ойлы тұлғалар атом энергетикасын пайдаланудың тиімділігін айтуда. Бұл – ең алдымен, қауіпсіз, сенімді, экологиялық таза жоба. Жалпы, бейбіт атомның ел дамуына ықпалы туралы көптеген ақпараттар айтылды.
@almas_baigunusov