Аудан активінің жиналысы

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Ерғазы Қошанбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылауға арналған актив жиналысы өтті.

 

Актив жиналысына аудандық басқарма, кәсіпорын, мекеме басшылары, оқу орын-дарының директорлары, құқық қорғау органдарының басшылары, облыстық, аудан-дық мәслихат депутаттары, аудандық «Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ауылдық округтердің әкімдері, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында «Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген тапсырмаларды іске асырудағы атқарушы органдарының жұмысы туралы» аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Маманбаев баяндама жасады. Баяндама бойынша жарыссөзге шыққан Н.Островский атындағы мектеп-лицейінің мұғалімі Ілияс Дүйсенхан, аудандық аурухананың дәрігері Олжас Байжанов, облыстық мәслихаттың депутаты, Алмалы орта мектебінің директоры Жамал Құлахметова, Сарқан ауданының еріктілері «Парыз» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшесі Аружан Узбекова өз салалары бойынша пікірлерін ортаға салды. Жиынды аудан әкімі Ерғазы Қошанбеков қорытындылап, Жолдауда белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруды тиісті салаларға міндеттеді.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: