АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қорының» Алматы филиалы 2018 жылы Сарқан ауданының эконмикасын жандандыруға өз үлесін қосуда. Микронесиелендіру бағыты бойынша бүгінгі таңда шаруа қожалықтары мен жеке кәсіпкерлер 143 100 000 тенгеден астам мөлшерде несие алды. Несие алушылардың жалпы саны 51 ден астам. Несиенің негізгі бағыты мал шаруашылығын дамытуға бағытталды, сонымен қатар кәсіпкерліктің өзге де салаларын дамыуға арналды. Кәсіпкерлік палатасында бизнес негіздерін оқып сертификаттарын алған шаруалар мен кәсіпкерлер жұмыспен қамту орталығы арқалы жолдама негізінде АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қорының» Алматы филиалына несиеге өтініш беруге мүмкіндік алады. Несие мекемесінің талап еткен құжаттарын толық өткізгеннен кейін сәйкес бөлімдер құжаттарын қарастырады, қүұжаттары дұрыс болған жағдайда 15-20 күн аралығында несиелерін қолдарына алады. Микронесие алған Сарқан ауданының кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары өз істерін дамытып одан ары жаңғыртуда…
АҚ «Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қорының»
Алматы филиалының несие маманы Кильчабаев Б.К.