Аудан әкімінің шыршасы Сарқан ауданы, Лепсі ауылында да айрықша аталып өтті. Сарқан ауданының әкімі Ерғазы Қошанбекұлының тапсырмасымен Лепсі ауылдық округінің әкімі Гүлнар Мұратқызының ұйымдастыруымен К.Ушинский атындағы орта мектепте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек, көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өткізілді. Оған ауылдық округтерден 20 бала қатысты.
Ауыл әкімі Гүлнар Мұратқызы келер жаңа жылмен кішкентай қонақтарды шын жүректен құттықтап, оларға дендерінің саулығын, оқуда, спортта және қоғамдық жұмыста табыс тіледі. Өйткені, бұл мерекені балалар сыйлық, қуаныш, көңілділік әкелетіні үшін жақсы көреді. Бұл күндері ең игі тілектер мен армандар орындалады. Әкім балалардың жақсы оқитындарына, оқуда, олимпиядаларда, конкурстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мемлекетіміздің беделді азаматтары болатындарына, ауылдың дамуы мен гүлденуіне үлес қосатындарына сенім білдірді.
Мереке ойдағыдай өтті. Түрлі-түсті костюмдер шеруі, көрікті шырша маңындағы көңілді думан, шат-күлкі, сыйлықтар, қызықты ойындар мен би. Сүйікті мультфильм кейіпкерлері балалардың көңілдерін көтерді. Әр бала ауыл әкімінен сыйлық алып, естелікке суретке түсті. Көңіл көтергеннен кейін оларды мерекелік түскі ас күтті.
Мадина АЙТОВА.