Бүгін облыстық маслихат депутаттығына үміткер Кожасбаев Руслан Садуакасович Сарқан ауданының жасотандықтарымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы, партияның жастарға білім, тұрмыс жағдайын жақсарту, денсаулық сақтау, кәсіпкерлікті бастау тұрғысынан қолдау туралы ұсыныстары туралы әңгімелесті.
Жастардың сұрақтары мен тілектерін тыңдап, қыздар мен жігіттер арман-мақсаттарымен де бөлісті. Жастардың өз болашағын Сарқан өңірімен байланыстырып, туған жердің игілігі үшін жұмыс істегісі келетіндігі айтылды. Ұмытылысы жоғары, дамығысы келетін талантты жастар өте көп.