Денсаулық сақтау қызметкерлерін қал-жағдайымен танысу мақсатында облыстық және аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат кездесуін өткізді. Коронавируспен күресте алдыңғы қатарда тұрған және осы істі жалғастырып келе жатқан барлық дәрігерлермен кездесіп,осы абзал жандардың арқасында Сарқан ауданының ондаған тұрғындарының өмірі құтқарылды. Кездесу барысында дәрігерлердің тілектері мен тыңдап, өз кезегінде олар партия тарапынан денсаулық сақтауды дамыту бойынша жоспарланған шараларға қолдау білдірді.
Ауданда медициналық қызметті жақсарту үшін маңызды жобалар іске асырылып жатыр. Мәселен, Қарабөгет ауылында бірінші дәрігерлік амбулатория салынады және Черкасск ауылдық дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу жоспарлануда. Сарқан аудандық орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.