Аудандық мәслихаттың сессиясы

Сарқан аудандық мәслихатының аудандық мәслихат депутаты С.Серкебаевтың төрағалығымен өткен кезекті 32-сессиясында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы О.Тертюбаев «Сарқан аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Сарқан аудандық мәслихатының шешімдерін орындауы туралы» хабарлама жасады.

Сессияда сондай-ақ Сарқан қаласындағы көшелер атауларын өзгерту, «Химчистка» ықшам ауданындағы жаңа 4 көшеге атау беру туралы, аудан әкімі жанындағы комиссиялар құрамын бекіту туралы және басқа да мәселелер қаралды. Қаралған мәселелер бойынша шешімдер қабылданды.

Мәліметпен бөлісу: