Аудандық мәслихаттың сессиясы

Аудандық мәслихаттың кезектен тыс 53-ші сессиясында Сарқан ауданы бойынша аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы мәселе қаралды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мәс-лихат аппаратының басшысы Бейсенбай Разбеков хабарлама жасады. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына сәйкес саяси партиялардың, өзге қоғамдық бірлестіктердің және Сарқан ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ұсыныстарын ескере отырып Сарқан ауданы бойынша аумақтық және 33 учаскелік сайлау комиссияларының құрамы  сайланды.

Қаралған мәселе бойынша аудандық мәслихаттың шешімі қабылданды.

Мәліметпен бөлісу: