Аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы

Жуырда Сарқан аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті 6–шы отырысы өтті. Күн тәртібінде бір мәселе жоспарланып, Сарқан ауданы бойынша тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру, қадағалау бойынша ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмысы туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Абибековтың есепті баяндамасы тыңдалды.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша Сарқан ауданының мемлекеттік органдарымен 72680 қызмет көрсетілді, оның ішінде қағаз түрінде – 7142,  Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 2215, электронды нысанда – 63323 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерінің бұзылмауын қадағалау, күнделікті мониторингілеу, талдау шараларын жүргізу, аудандық және құрылымдық қызмет көрсетушілермен бекітілген стандарттарға сай мемлекеттік қызметтерді көрсету қатаң бақылауға алынғаны туралы баяндалды.

Кеңес мүшелері тарапынан түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, Қоғамдық кеңестің шешіміне сәйкес Б.Абибековтың есебі  қанағаттанарлық деп бағаланды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы  30 қыркүйектегі №726 Қаулысына сәйкес, «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі 1 қарашадан бастап қолданыстан алынатындығы туралы хабарлама жасалды.

Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру – бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етудің және азаматтардың мемлекеттік органдары жұмысына сенімділігін арттырудың маңызды бір бөлігі.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: