Қауіпсіздік шаралары сараланды

Жуырда аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан мекеме-ұйымдары, оқу орындары басшыларының қатысуымен «Алматы облысы бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу» атты оқу семинары өтті.

Семинарда Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Академиясының оқытушысы Болат Шомановтың  экстремизм мен терроризмге қарсы қауіпсіздік шаралары жөнінде электронды көрнекіліктер және нақты мысалдар арқылы оқыған әсерлі лекциясы тыңдаушылардың көкейіне ұялады.  Оқу семинарының соңы лектор мен семинарға қатысушылар арасындағы  сұрақ- жауапқа ұласты.

Өз тілшім

Мәліметпен бөлісу: