Өткен жексенбі күні аудандық мәдениет үйінің ауласында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі болып өтті. Аграрлы өңір ретінде мұндай жәрмеңкелер қашанда өз тұтынушыларына өнімдердің сан түрін ұсынатындығы белгілі. Атап айтқанда ет және сүт өнімдері, картоп, жұмыртқа, нан сияқты күнделікті қат азық-түліктер нарықтағы бағадан 10-15% арзан саудаланды. Аталмыш жәрмеңкеге аудан әкімі Марат Разбеков арнайы келіп, бағалардың қолжетімділігін көзбен көріп, соңында бірқатар сала мамандарына тиісті тапсырмалар берді.
Ең бастысы барлығы табиғи, өзіміздің өңіріміздің төл өнімдері. Тұтынушылар тарапынан мұндай шаралар жиі ұйымдастырылса деген тілектер де айтылды.
Өз тілшіміз.