Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің назарына хабарландыру!!!

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидалары» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы №108 бұйрығымен бекітілгенін хабарлаймыз. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 20 наурызда № 18404 болып тіркелді.

Субсидия алу шарттары

Субсидиялар мынадай шарттарды сақтаған кезде төленеді:

1) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде өтінімнің берілуі;

Өтінім берген кезде тауар өндірушіге САЖ-да (субсидиялаудың ақпараттық жүйесі)  шартты жеке шот ашылады;

 «Электрондық үкімет» веб-порталы мен САЖ-дың ақпараттық өзара іс-

қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

2) өтінімнің САЖ-да ЭЦҚ-ны пайдалана отырып тіркелуі;

3) өтінімнің белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келуі;

4) тауар өндірушінің деректері САЖ-дың «Заңды тұлғалар» және «Жеке

тұлғалар» мемелекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара әрекеттесуі

нәтижесінде не «электрондық үкімет» веб-порталында жеке және заңды

тұлғаларды авторландыру арқылы расталған САЖ-да жеке шотының болуы;

5) САЖ-дың мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған

ақпараттық жүйесімен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік

дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, тауар

өндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі

пайдаланылатын жер учаскелерінің барлық алаңына арналған жайылымдардың электрондық карталарының САЖ-да тіркелуі;

6) САЖ-дың мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған

ақпараттық жүйесімен және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік

дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған, тауар

өндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі

пайдаланылатын жер учаскелерінің барлық алаңына арналған шабындықтар мен танаптардың электрондық карталарының САЖ-да тіркелуі;

7) САЖ бен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өңдеу

жөніндегі ақпараттық жүйенің (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) ақпараттық өзара іс-

қимылы нәтижесінде тауар өндірушінің ауыл шаруашылығы жануарларын және/немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алғанының және (немесе)

өткізгенінің расталуы.

Тауар өндірушінің ЭЦҚ қоюы жолымен САЖ-да тіркелген өтінім тікелей Басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгенге дейін алдыңғы жылы

мақұлданған, бірақ қаражаттың болмауы себепті төленбеген өтінімдер 2019 жылдың қаражатынан басым тәртіппен төленуі тиіс.

Мәліметпен бөлісу: