Жуырда аудан әкімі аппаратының мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімшесінің және аудандық мобильдік топтың ұйымдастыруымен Екіаша ауылдық округінің еңбек ұжымдарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманың негізгі ережелері мен ұсынымдары кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар, «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы аясында азаматтарды жобаның басты мақсаттарымен таныстырып, құқықтық түсіндірме жұмыстарын және ұжым қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Электронды үкімет веб-порталын» қолдануды насихаттау бойынша 2019 жылға бекітілген жүйелі жоспарына сәйкес ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, электрондық мемлекеттік қызметтерді алу жолдары және «telegram» мессенджер арқылы «EgovKzBot» сервисын пайдалану мүмкіндіктері кеңінен насихатталып, жадынамалар таратылды.
Округ тұрғындарымен кездесуге аудандық мобильдік топ мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың мамандары, «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету» департаментінің Сарқан аудандық бөлімінің маманы қатысты. Мобильді топ мүшелері агенттіктің бастамалары туралы алдағы уақытта барлық еңбек ұжымдарына аталған шараны жүргізуді жоспарлап отыр.
Өз тілшіміз.