16.09.2024 жылы аудандық халықтық штаб Шатырбай ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Халық санының жыл сайын артып келе жатқанын ескере отырып, энергетикалық ресурстарға деген сұраныстың да өсіп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, қазіргі таңда энергия тұтыну деңгейі жоғары қарқынмен ұлғайып келе жатқанын еске салып, егер бұл үрдіс жалғаса беретін болса, алдағы онжылдықтарда энергетикалық тапшылыққа тап болуымыз мүмкін екенін ескертті. Бұл мәселені шешудің бір жолы ретінде атом электр станциясын салу қажеттілігін ұсынды. Оның айтуынша, атом станциясы елімізге энергиямен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және энергетикалық тәуелсіздікті нығайтуға ықпал етеді.