Ауылдық Мекендерде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру мәселелері талқыланды

20 мамырда әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында ӘМСҚ басшысы Болат Төкежановтың, Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Өмірзақ Ниязбековтың, Облыстық жедел және шұғыл жәрдем станциясының директоры Савелия Пак және ӘМСҚ жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңесте ауылдық мекендерде денсаулық сақтау және өңірлердегі жедел жәрдем қызметін қаржыландыру мәселелері қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша Болат Төкежанов Қордың құрылымдық бөлімшелеріне Денсаулық сақтау министрлігі деңгейінде қабылданған шаралар мен ұсыныстарды қарастырып, мәселелердің жүйелі шешілуі үшін қажетті тапсырмаларын берді.

НҚА-ға өзгерістер әзірлеу, сонымен қатар нақты шығыстарды ескере отырып, ауылдық жерлерде жедел жәрдем станцияларын қаржыландыру бойынша тиісті есептеулер жүргізу, жерүсті санитариялық авиацияны қаржыландырудың бірыңғай моделін қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеп, халқы аз ауылдық өңірлерінде аудандық ауруханаларды қаржыландыруды жетілдіру сұрақтарын қарастыру бойынша жұмыс тобының құрылуы туралы шешім қабылданды. Сондай ақ, Денсаулық сақтау министрлігіне қажетті ұсыныстарды енгізу туралы тапсырма берілді.

Көтерілген мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарының қолданыстағы функционалына талдау жүргізу және осы қызметті қаржыландыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу қажеттілігі талқыланып, Қордың тиісті құрылымдық бөлімшелеріне қажетті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

         КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалы

Мәліметпен бөлісу: