Амангелді ауылдық округіне қарасты Пограничник ауылы Жетісу орта мектебінде аудан әкіміне үміткердің сенім білдірген өкілдерінің ұйымдастыруымен, ауыл тұрғындарының қатысуымен сайлау алды бағдарламасын түсіндіру бойынша кездесу өтті. Білім ордасының мәжіліс залында өткен жүздесуде ағымдағы жылдың 5 қарашасында өтетін сайлаудың маңыздылығына тоқталып, саяси науқанға белсенділікпен атсалысуға шақырды.
Үміткердің сенім білдірген өкілдері еліміздің болашағы үшін елеулі оқиға — сайлауға бей-жай қарамай, белсенділік танытып, қатысу әрбір азаматтың басты борышы екендігін мәлімдеді. Себебі ағымдағы жылдың 5 қарашасы – бүгінгі ауданымыздың ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына да тікелей әсер ететін маңызды сәт екендігіне тоқталды.
Кездесу соңында сайлаушылар өздерін толғандырған бірқатар сауалдарды қойып, оған өз кезегінде үміткердің сенім білдірген өкілдері жан-жақты жауап берді.