Абайсызда өңешін күйдіріп, ауру зардабын тартқан 2 жасар Алихан Еділханның ата-анасы сәбиінің қатарға қосылуы үшін жер-көктен жәрдем тіледі. Оңай болған жоқ. Үміттен күдік басым болды. Шетелге емдетуге қаржының қолбайлау екендігі де шындық. Мұндай күрделі операцияны жасауға туған жерінің денсаулық саласына үлкен үлес қосып келе жатқан жерлесіміз, профессор Нұрлан Арын тәуекел етті.
Наурыздың 3-і күні Сарқан аудандық ауруханасында Нұрлан Мұхтарұлы өңеш пластикасы отасын жасады. Сәтті жа-салған отадан соң 15-наурыз күні үйіне оралған баланың ата-анасы жерлестеріне қамқорлық қолын соз-ған атақты хирургке және Сарқан ауданы ауруханасының дәрігерлері мен мед-бикелеріне шексіз алғыстарын білдірді.
-Ақ халатты абзал жандардың баршасына, оның ішінде туған елінен қамқорлығын аямайтын Нұрландай білікті дәрігерге көп рахмет! Алиханым осыдан кейін Алланың қолдауымен жақсы болып кетсінші,-дейді сәбидің анасы.
Ж.МАҚАТҰЛЫ.