Маған қазақ дәстүрі, тілі, мәдениеті өте қатты ұнайды. Мен болашақта қазақ тілін жақсы меңгергім келеді. Қазақ мәдениеті ерекше болып келеді. Себебі, қазақтар үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсете білетін халық. Маған қазақ мәдениеті, тілі, ұстанымдары ұнағандықтан, мен болашақта бұл құндылықтардың өз өмірімде болғанын қалаймын. Болашақ жарым да қазақ болса деймін. Өйткені қазақ қыздары ғана қазақ тағамдарын дәмді жасайды. Қазақ қыздары сыпайы, көркем, инабатты болып келеді. Қазақ тілі де өте бай болып келеді. Мен Абай Құнанбаев, Махамбет Өтемісұлы секілді ақындардың туындыларын қызыға оқимын. Жырларынан қазақ халқының өршіл рухы сезіледі, даналығы көрінеді. Болашақта қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, Отанымызға еңбек сіңіретін елеулі азамат болғым келеді.
Захар ДУДЧЕНКО,
Ақын Сара орта мектебі,
9 «В» сынып оқушысы.