ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАРЫС

7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Сарқан ауданында құқық қорғау және әскери сала қызметкерлері арасында ұлттық спорт – қазақ күресінен жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алмас Ажарханұлы Байгунусов қатысып, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

– Отан алдындағы парызын абыроймен атқарып жүрген азаматтар – елдің қорғаны. Бүгінгі жарыс – күш пен рухтың, бірлік пен батылдықтың көрінісі. Баршаңызға сәттілік тілеймін! – деді ол.

Жарыс 75 кг, 85 кг және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтті. Боз кілемде Ұлттық қауіпсіздік комитеті, аудандық полиция бөлімі, шекара қызметі және төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері бақ сынап, өздерінің ептілігі мен мықтылығын көрсетті.

Әр салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, арнайы марапатталды. Сонымен қатар командалық есеп бойынша:

 І орын – Сарқан аудандық полиция бөлімі, ІІ орын – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің командасы, ІІІ орын – шекара қызметінің командасы иеленді.

Жеңімпаз командаларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Өз тілшіміз.

Мәліметпен бөлісу: