Тәуелсіздіктің ширек ғасырдан енді ғана асқан кезеңінде елдің саяси-экономикалық ахуалын жоғары деңгейде орнықтыра білген Қазақ елі рухани жаңғыру жолына қадам басты. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты — ұлттық кодыңды сақтай білу» деген ұғым әрбір қазақстандық азаматтың атқаруға тиіс міндеттерін айқындап береді.
Бұрын көше, жер-су атауларын орысша, қазақша екі тілде жазатын едік, ол екі түрлі дыбысталатын. Кириллицамен жазылған қазақ сөздері орыс мақамында оқылып, қазақша мәні бұрмаланатын. Енді латын әрпімен жазудан ол бірізділікке түседі. Мұның халықаралық, тіпті туризмді дамытып жатқан елімізде экономикалық маңызға ие. Сондықтан Қазақстанның латын графикасын қабылдауы — бұл үлкен жетістіктердің кілті. Ол бізді тек биікке жетелейтін жол. Ол — Қазақстанның, қазақ тілінің, қазақ рухының Мәңгілік Елімен бірге жасауының басты кепілі болмақ.
С.СЕРКЕБАЕВ,
аудандық мәслихаттың депутаты, фракция мүшесі.