
Қазақстан өзінің көпжақты ынтымақтастыққа бейілділігін тағы да дәлелдеді! 2024 жылы еліміз бірқатар беделді халықаралық ұйымдар мен платформаларға төрағалық етіп, өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді шешуге ықпал етті.
- ШЫҰ – 160-тан астам іс-шара ұйымдастырылды, 60 жаңа келісім бекітілді, 2035 жылға дейінгі даму стратегиясына бастамашы болды.
- АӨСШК – институционалдық даму кезеңіне өтті, талдамалық орталықтар форумы құрылды.
- ТМҰ – «TURKTIME!» бағдарламасы іске қосылды, сауда айналымы 45 млрд АҚШ долларынан асты.
- ҰҚШҰ – трансшекаралық қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, 80-нен астам іс-шара өткізілді.
- ХАҚҚ – су ресурстарын басқару бойынша маңызды қадамдар жасалды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамаларының арқасында Қазақстан халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайтуда маңызды рөл атқарып отыр.
А. ЕРБОЛАЕВ,
Сарқан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
