Қазақстан Республикасы халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы (2026 жылғы I тоқсан)

Түйінді тұстар

252 619 теңге

2026 жылғы I тоқсандағы бағалау бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары айына 252 619 теңгені құрады, бұл 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 11,8% жоғары, көрсетілген кезеңде нақты ақшалай табыстар 0,1% -өсті.

Тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа атаулы және нақты ақшалай табыстар

2026 жылғы I тоқсанда Қазақстан Республикасындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары айына 252 619 теңгені құрады және 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 11,8% өсті. Осы кезеңнің тұтыну бағаларының индексін (11,7%) ескере отырып, халықтың ақшалай табыстары нақты мәнде 0,1% өсті.

Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстары (бағалау)

 Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары, теңге2026 жылғы I тоқсан 2025 жылғы I тоқсанға, пайызбен
2026 жылғы I тоқсан2025 жылғы I тоқсанатаулынақты
Қазақстан Республикасы252 619225 910111,8100,1
Абай223 572197 466113,2101,5
Ақмола218 097193 874112,599,6
Ақтөбе229 336201 175114,0102,2
Алматы196 314164 804119,1106,3
Атырау323 716314 575102,991,7
БатысҚазақстан227 868206 760110,299,2
Жамбыл166 768155 004107,696,6
Жетісу173 876159 027109,397,4
Қарағанды278 323239 130116,4104,5
Қостанай247 804218 776113,3101,8
Қызылорда178 795161 555110,799,2
Маңғыстау288 891266 118108,697,1
Павлодар283 989249 881113,6100,6
СолтүстікҚазақстан207 483196 168105,892,9
Түркістан143 409129 201111,098,6
Ұлытау353 036318 609110,897,8
ШығысҚазақстан282 581246 425114,7102,8
Астанақаласы352 811323 608109,098,8
Алматы қаласы408 182354 641115,1103,4
Шымкент қаласы160 951150 444107,096,1
Max408 182354 641119,1106,3
Min143 409129 201102,991,7
Max /Min, раз2,82,71,21,2

.xlsx файлды жүктеу

2026 жылғы I тоқсанда халықтың орта есеппен айына жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары мөлшерінің ең жоғары мәні Алматы қаласы (408 182 теңге) және Ұлытау облысында (353 036 теңге) белгіленді.

Өткен жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда өңірлер бөлінісінде атаулы ақшалай табыстардың ең үлкен өсімі Алматы облысында – 19,1% және Қарағанды облысында – 16,4% тіркелді.

* Алдын ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі.

Динамикалық кестелер:

Глоссарий

Халықтың атаулы ақшалай табыстары (бағалау) — халықтың ағымдағы тұтынуға, өндірістік қызметке және жинақтауға бағыттайтын ақшалай қаражаты. Олардың шамасы макродеңгейдегі есептік әдіспен айқындалады, жалдамалы және дербес жұмыспен қамтудан халықтың ақшалай кірістерін бағалауды (еңбекақы төлеуді жасыруға және жұмыспен қамтылған халық санын статистикалық есептілікпен қамтымауға жете есептей отырып) және әлеуметтік трансферттер төлеуді қамтиды;

Атаулы ақшалай табыстар индексі — базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі атаулы ақшалай табыстардің өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

Нақты ақшалай табыстар индексі — базистік кезеңмен салыстырғанда есепті кезеңдегі бағалардың өзгеруін ескере отырып, атаулы ақшалай табыстардың өзгеруін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш;

Жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыс — жалақы, көтермелеу төлемінің барлық түрлері, жалақыға үстемеақылар, жұмыскерлер жұмыс орны бойынша алатын алымдар, сыйақылар мен жәрдемақылар;

Қызметкерлердің жалақысы (еңбекақы) қоры — ұйымдар есептеген жиынтық ақшалай қаражат, сондай-ақ салықтар мен басқа да ұстап қалуларды (табыс салығы) ескере отырып, қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу үшін ақшалай бірлікке аударылған заттай нысандағы қаражат (лауазымдық айлықақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйақылар, ынталандырушы және өтемдік сипаттағы төлемдер) міндетті зейнетақы жарналары), оларды қаржыландыру көзіне және нақты төлеу мерзіміне қарамастан;

Өзін–өзі жұмыспен қамтудан түсетін табыс — өзін-өзі жұмыспен қамту негізінде тауарлар мен қызметтерді өндіруден алынатын ақшалай және заттай нысандағы табыс;

Тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) – халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтерінің тіркелген себетіне бағалардың орташа деңгейінің уақыт бойынша өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш.

Әдістемелік түсініктемелер

Халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 214 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қазанда № 14350 болып тіркелген, халықтың атаулы ақшалай табыстарын есептеу (бағалау) жөніндегі әдістемеге сәйкес ай сайынғы, тоқсан сайынғы және жылдық негізде қалыптастырылады.

Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу макро деңгейде халықтың табысы – жалдамалы жұмыспен қамтудан түсетін табыстар (жалақы), дербес жұмыспен қамтудан түсетін табыстар, төленген әлеуметтік трансферттер, басқа да табыстар туралы барлық деректерді (статистикалық және әкімшілік) біріктіру жолымен жүзеге асырылады, өйткені есептеу бір адамға шаққанда жүргізіледі.

Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бұдан әрі — ХААТ) жыл басынан бастап кезең ішінде тек Қазақстан Республикасы бойынша, ал тоқсан мен жыл ішінде-Қазақстан Республикасы мен өңірлер бойынша өспелі қорытындымен ай сайын жүргізіледі.

Халықтың жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын есептеу келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

1) жалдану бойынша жұмыстан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

2) еңбек ақыны жасыруға жете есептеу коэффициентін есептеу;

3) өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

4) халыққа төленген ағымдағы трансферттерді есептеу;

5) халықтың өзге де ақшалай табыстарын есептеу;

6) жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарды есептеу;

7) атаулы және нақты ақшалай табыстар индекстерін есептеу.

Жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысты есептеу

ХААТ жалпы шамасы жалдамалы жұмыстан, өз бетінше жұмыспен қамтылудан түскен табыстарды, ағымдағы төленген трансферттерді және өзге де ақшалай табыстарды жиынтықтау жолымен анықталады.

Жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс мынадай формуламен анықталады:

2026 жылғы I тоқсан

Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну мерзімінің әртүрлілігіне және жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) мен ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректерді нақтылауға (түзетуге) сәйкес ай, тоқсан мен жылдық кезеңдерге халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарының жалпы мөлшерін алдын ала есептеу (бірінші бағалау) және қайта есептеу (екінші бағалау немесе нақтылау) жүргізіледі.

Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын алдын ала есептеу жыл басынан бергі кезең үшін есептік кезеңнен кейінгі күнтізбелік 40-шы күні ай сайынғы және тоқсандық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған деректер негізінде, сондай-ақ сарапшылық бағалау мен есептеу (бағалау) кезінде болмаған статистикалық көрсеткіштерді есептеу негізінде жүзеге асырылады.

Халықтың атаулы және нақты ақшалай табыстарын жыл басынан бергі кезеңге және жылға қайта есептеу (нақтыланған бағалау) жылдық жиынтық статистикалық деректер (ақпараттар) және ведомстволық статистикалық байқаулар бойынша алынған жылдық деректер негізінде есепті кезеңнен кейінгі жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылады.

Атаулы ақшалай табыстың индексін есептеу.

ХААТ серпінін бағалау үшін атаулы ақшалай табыстардың индексі есептеледі:

2026 жылғы I тоқсан

Нақты ақшалай табыстың индексін есептеу

Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыс көрсеткішін есептеу тұтыну бағалары индексінің көмегімен жүргізіледі.

Нақты көріністе жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысты есептеу ағымдағы көрсеткішті базистік кезеңнің салыстырмалы бағаларына келтіру әдісімен мына формула бойынша жүзеге асырылады:

2026 жылғы I тоқсан

Мәліметпен бөлісу: