Қазақстан Республикасының азаматтарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде дәрігердің рецепті бойынша медициналық көрсетілімдер болған жағдайда маңызды дәрілік заттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету қағидалары «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету қағидаларын, сондай-ақ Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарға қажеттілікті қалыптастыру қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-89 бұйрығымен бекітілген.
Профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі және қамтылады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық сақтандырылған азаматтарына Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділікке кепілдік береді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасайтын науқастар үшін емханада тіркелген жері бойынша Қазақстан Республикасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету «Қазақстан Республикасының белгілі бір аурулары (жай-күйлері) бар азаматтарының жекелеген санаттарын тегін және (немесе) жеңілдікті амбулаториялық қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ - 75 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде амбулаториялық-емханалық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған дәрілік заттар берілген кезде медициналық ұйымның атауы көрсетілген медициналық ұйымның мөрімен, оның мекенжайы және «Тегін» белгісімен таңбаланады.
Жетісу облысы бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында тегін дәрілік заттарды өткізу медициналық ұйымдардың дәріханалары арқылы жүзеге асырылады.
Жеке дәріханалар арқылы тегін және (немесе) жеңілдікпен жеткізілетін дәрілік заттарды және медициналық бұйымдарды сату фактілерін анықтаған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментіне келесі мекенжай бойынша: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Гауһар Ана көшесі, 87Б, байланыс телефонына: 87282240751 хабарласуыңыз қажет.
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті