Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2005 жылдан бастап әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрлі жағдайы басталған кезде жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қорғаудың қосымша деңгейі ретінде енгізілді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қаржы ресурстары жұмыс берушілер жұмыскерлері үшін, сондай-ақ дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын адамдар өздері үшін төлейтін ең төменгі жалақының кемінде бір және жеті еселенген мөлшерінен аспайтын кірістің 3,5% мөлшерінде әлеуметтік аударымдар есебінен қалыптастырылады.
Бұл ретте әлеуметтік аударымдар міндетті зейнетақы жарналары сияқты қызметкердің жалақысынан ұсталмайды, жұмыс берушілердің қаражаты есебінен төленеді.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру ынтымақтастық принципіне негізделген, өйткені әлеуметтік аударымдар барлық жұмыс істейтін азаматтар үшін төленеді, ал төлемдерді тек әлеуметтік тәуекел туындаған адамдар ғана ала алады.
Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылу жағдайына «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (Қор) төленетін әлеуметтік төлем (ӘТжб) еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс күнінен бастап тағайындалады. Төлем еңбекке уақытша жарамсыздық парағының барлық кезеңіне жүзеге асырылады.
Біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар жүргізілген табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.
ӘТжб құқық — еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақта көрсетiлген жүктiлiгі және босануы бойынша немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге демалыс берiлген күннен бастап туындайды.
Жүгіну тәсілдері:
- проактивті түрде, ӘТжб құқығын іске асыру үшін келіп түскен смс-хабарламаға жүйеге қатысушының келісімін алу арқылы
немесе
«электронды үкімет» веб-порталы (www.egov.kz) арқылы, ақпараттық жүйелерде еңбекке жарамсыздық парағы туралы («Жүкті әйелдер және фертилдік жастағы әйелдер тіркелімі» АЖ) және жұмыс орны бойынша жүктілігі және босануы бойынша демалысты ресімдеу («Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі» АЖ) туралы мәліметтер болған кезде,
немесе - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне (ХЖҚО).
Тағайындау үшін қажетті Қ Ұ Ж А Т Т А Р* :
жеке басты куәландыратын құжат;
уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (парақтары) (сыртқы бетін жұмыс беруші куәландырған);
банк шотының (20 нөмірлік) мәліметі;
- Ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
М Ө Л Ш Е Р І : ӘТжб = ОАК х ЕСК
ОАК – ӘТжа құқық туындаған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік 12 айдағы Қорға әлеуметтік аударымдар төленген кірістердің орташа айлық мөлшері (осы кезеңде әлеуметтік аударымдарда үзілістердің болу-болмауына қарамастан);
ЕСК — еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициенті жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағы берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы айқындалады:
Еңбекке қабілетсіздік күндері
56
70
79
93
126
140
170
184
ЕСК
1,9
2,3
2,6
3,0
4,2
4,7
5,7
6,1
Ауыр босанған, екі және одан да көп бала туған жағдайда қосымша еңбекке жарамсыздық парағының негізінде ӘТжб қайта есептеу жүргізіледі.
ӘТжб міндетті зейнетақы жарналары ұсталады.
Толық ақпарат: gfss.kz; gfss_; @gfsskaz.