ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ГРАНТТАР БАЙҚАУЫ БАСТАУ АЛДЫ

«Samruk-Kazyna Trust» Қоры 2019 жылы  «ӘРЕКЕТ» жобасы бойынша гранттар байқауына 150 миллион теңге бөлді.  Байқаудың шеңберінде әрбір мүдделі коммерциялық емес ұйым әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту үшін 3 млн. теңге көлемінде грантқа өтінім бере алады.

Гранттық байқау Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдар арасында әлеуметтік кәсіпкерлік мәдениетін дамытуға арналған «ӘREKET» ауқымды жобасының бөлігі болып табылады.  Жобаның шеңберінде қазақстандық коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері «Инкубатор» білім беру бағдарламасын аяқтап, 3 млн. теңге грант жеңіп ала алады.

Байқау үш кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең:

2019 жылдың 3-30 маусымы аралығында КЕҰ мүшелері гранттар байқау туралы ережеге сәйкес өтінім береді.  Конкурсқа қатысуға өтінімдер электронды түрде areket.skt@gmail.com пошта мекен-жайы бойынша қабылданады.

2019 жылдың 1-15 шілдесі аралығында «Samruk-Kazyna Trust» Қоры өтінімдердің алғашқы  іріктеуін жүргізеді.

Екінші кезең:

2019 жылдың 16 шілдесінен 1 тамызына дейін екінші кезеңге өткен КЕҰ байқау комиссиясы таңдап алатын толыққанды өтінімдерді ұсынады.  Байқау комиссиясы құрамына мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, әлеуметтік және бизнес секторының сарапшылары кіреді.

Үшінші кезең:

2019 жылғы 13-16 тамыз аралығында іріктеу қорытындысы бойынша КЕҰ әлеуметтік әсер ету, инновация, өзін-өзі қамтамасыз ету, қаржылық тұрақтылық, бизнесті жоспарлау, PR және маркетинг және т.б.  қамтитын үш күндік «Инкубатор»  білім беру бағдарламасына қатысып, одан әрі байқау комиссиясының алдында жобаларын қорғауға жалғасады.

 Жобалар қорғалғаннан кейін байқау комиссиясы әлеуметтік кәсіпкерлік саласында өз жобаларын жүзеге асыратын грант алушыларды анықтайды.

Тренингке қатысуға жұмсалатын барлық шығыстарды «Samru-Kazyna Trust» Қоры өтейді.

Гранттар байқауы басталғанға дейін «Samruk-Kazyna Trust» Қорының өкілдері еліміздің барлық өңірлерінде ақпараттық кездесулер өткізеді:

13 мамыр — Қызылорда;

14 мамыр — Талдықорған, Түркістан;

15 мамыр — Шымкент, Орал, Қостанай;

16 мамыр — Көкшетау;

17 мамыр — Алматы;

20 мамыр — Ақтөбе;

21 мамыр — Атырау;

22 мамыр — Қарағанды, Тараз;

24 мамыр — Ақтау;

27 мамыр — Петропавл;

29 мамыр — Павлодар;

31 мамыр — Өскемен;

3 маусым — Нұр-Сұлтан.

Гранттар байқауы мен өзге де қосымша ақпаратты www.sk-trust.kz/ru сайтының «ӘРЕКЕТ» бөлімінде табуға болады.

Жобаның кезеңдері және өтінімдерді толтыруда туындаған сұрақтар бойынша КЕҰ келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласа алады: +7 (7172) 57 63 05, 24 80 14, 57 65 41 (қоңыраулар сағат 09: 00-ден 18: 30-ға дейін  Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) немесе areket.skt@gmail.com электронды поштасы арқылы.

БАҚ сұрақтары бойынша: +7 (7172) 57 66 02

Мәліметпен бөлісу: