Қазақстанның дамуы мен гүлденуі үшін басты ұлттық басымдықтар — бейбітшілік, тұрақтылық пен келісім. Осы мақсатта «Жанұя» отбсыларды қолдау орталығында аудандық аналар кеңесі, әжелер алқасы, мұғалімдер, жастардың қатысуымен «Қазақстанның дамуы үшін» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында елімізде жүргізіліп жатқан отбасылық-демографиялық саясатқа қолдау көрсете отырып, отбасы институтын сақтау мен нығайтуға ықпал ету, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға және ұлттық құндылықтарды, дәстүрлерді жаңғыртуға үлес қосу, әр түрлі іс-шаралар арқылы берекелі, тірлігі мықты әрі тату отбасыларды насихатталды.