«ҚазАгро» ұлттық холдингі желісі бойынша АӨК қаржыландыру жүйесіндегі бірқатар маңызды өзгерістер туралы Астанадағы Орталық коммуникациялар қыз-метіндегі баспасөз конференциясында айтылды. Іс-шара барысында «ҚазАгро» холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Гүлназ Атамқұлова айтып өткендей әңгіме жаңа ережелер туралы болды:
Біріншіден, «ҚазАгро» холдингі құрылымы арқылы қорландыруға қатысты жеңілдікті шағын несиелеуді шағын қаржы ұйымдары мен несие серіктестері арқылы алуға болады.
Екіншіден, жұмыстарын жаңа бастаған кәсіпкерлердің кепілдік проблемасын «ҚазАгроКепіл» арқылы қарыздарды кепілдендірудің жаңа жүйесі шешуге көмектеседі.
Үшіншіден, инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінімдерді Аграрлық несие корпорациясы қабылдайды.
Холдингтің өкілінің айтуы бойынша, жалпы бұл бастамалар саланы мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін жоғарылатуға және елдегі ауыл халқының несие ресурстарымен барынша қамтылуын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Өзгерістер туралы жан-жақты айта отырып, Гүлназ Атамқұлова ағымдағы жылдың 4 айы ішінде «ҚазАгро» холдингінің компанияларымен 5,4 мыңнан астам несие берілгені және 19 форвардтық шарт жасалғаны, шамамен 12 мың адам жұмыспен қамтылғаны жайлы еске салды. ҚазАгроның несие қоржыны 582 млрд. теңгені құрады. Холдингтің клиенттері 53 мың қарыз алушы болып табылады.
Ағымдағы жылы Холдингпен агросекторды несиелеудің жалпы көлемінің 85%-ы шағын және орта бизнес субъектілеріне тиесілі. Холдингтің шағын несиелеу нарығындағы үлесі 94%-ды, ауылшаруашылық техникасының лизингі нарығындағы үлесі – 72%-ды құрайды.
Алайда, «ҚазАгроның» басқарма төрағасының орынбасары атап өткендей, ауыл шаруашылығында қаржыландырудың барлық проблемалары шешілді деп айту ертерек болар еді. Осы уақытқа дейін әлеуетті қарыз алушылардың кеңейтілген тобы үшін ауылдық жерлерде несие ресурстарына қолжетімділік мәселесі ашық болып отыр. Тежеуші факторлардың бірі – бұл көптеген ауыл тұрғындарының қажет кепілзаттарының жетіспеуі немесе болмауы.
Осы проблеманы шешу үшін «ҚазАгро» ұлттық холдингі ауылдағы бизнесті несиелеу процессіне жеке қаржы құрылымдарын – Шағын қаржы ұйымдары мен Несие серіктестіктерін тарту бағдарламасын әзірледі. Бұдан басқа, Холдинг әсіресе ауылдағы жұмысын жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін ыңғайлы шағын қарыздарды кепілдендіру жүйесін енгізеді, ол шағын бизнеске кепілзатпен проблемасы болған кездің өзінде несие қаражатын алуға және өз ісін бастауға мүмкіндік береді. Жаңа схема өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде әзірленді, оны іске асыруға НС және ШҚҰ арқылы 11 млрд.теңге көзделген, 6% мөлшерлемеден. Мемлекет атынан «ҚазАгроКепіл» АҚ кепілдік етеді.
Өз кезегінде, Холдингтің еншілес компаниясы – «ҚазАгроКепіл» АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Тажмакин айтып өткендей, кәсібін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кепілдік көлемі шағын несие құнының 85%-ын, жұмыс істеп тұрғандар үшін — 50%-ға дейінгіні құрайды. Несие серіктестіктері мен шағын қаржы ұйымдарының қарыздары ғана кепілдендіріледі. Осы ретте, ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне ҚазАгроКепілдің офисіне барудың қажет емес екенін атап өту қажет, кепілдік алу үшін өтінім несиелеуге құжаттардың топтамасын өткізу кезінде рәсімделеді және АШТӨ тарапынан шығынды қажет етпейді, — деді компания басшысы.
Осыған ұқсас аталған бағдарлама Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорымен де іске асырылады. Бөлінген қаржы ресурсының көлемі 16 млрд. теңгені құрайды.
(Шағын несиелер Бағдарла-маның қатысушыларына мал шаруашылығын дамытуға және ауылшаруашылық кооперативтерін дамытуға бағытталған жобалар бойынша 7 жылға дейін, басқа жобалар бойынша – 5 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Бағдарлама бойынша қарыз сомасы 8000 АЕК (18 152 000 теңге) аспайды, сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6%-дан аспайды.)
«ҚазАгро» ұлттық холдингінің желісі бойынша инвестициялық жобаларды қаржыландыру жүйесінде де өзгерістер болды.
«ҚазАгроҚаржы» АҚ бәсекелес ортаға беру жөніндегі бекітілген іс-шараны ескере отырып, жылдың басынан бастап инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі барлық өтінімдерді «ҚазАгроның» құрылымындағы басқа компания Аграрлық несие корпорациясы қабылдайды.
Осы ретте компания ин-вестициялық жобаларды қар-жыландыруды, соның ішін-де ҚР АШМ анықтаған басым бағыттардың кеңейтілген спектрі бойынша Ұлттық қордың қаражаты есебінен қаржыландыруды жоспарлайды. Осыған байланысты, Гүлназ Атамқұлова егер бұрын қаржыландыру мөлшерлемесі 6%-ды құраған болса, қазір ол 5,5%-ға дейін төмендетілгенін атап өтті.
Әңгіме мына бағыттар туралы: -ет бағытындағы құс фабрикаларының қуаттылығын арттыру және жаңарту; -сүт-тауарлы фермалар, асыл тұқымды мал өндірісінің орталықтарын қоса алғандағы репродукторлар құру; — суару жүйелерін қолдану арқылы жеміс-көкөніс, техникалық және май дақылдарының өндірісін құру; — өнеркәсіптік жылыжайлар, астық және көкөніс қоймаларының және көлік-логистикалық орталықтарының құрылысы және т.б.
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ өзінің құрылымына кіретін компаниялардың инвес-тициялық активтерін тиімді басқару арқылы Қазақстанның агро-өнеркәсіптік кешенін дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады. Холдингтің құрамына «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ, «ҚазАгроӨнім» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, «ҚазАгроКепіл» АҚ және «ҚазАгроМаркетинг» АҚ кіреді.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ баспасөз қызметі.