«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ БҚДАД ТАЛАБЫН ОРЫНДАДЫ


Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (әрі қарай — Департамент) «Көксужылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының (әрі қарай — Кәсіпорын) жүзеге асырылатын қызмет түрлерін кеңейтуге келісім беру туралы өтінішхатын қарастырды.

Осы өтінішхатты қарау барысында, Департаментпен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалының Көксу аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімінің (әрі қарай — Бөлім)  бұйрығымен Кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркеуден өткені анықталды.

Кәсіпорынның мемлекеттік қайта тіркеуден өтуіне негіз: қосылу жолымен қайта ұйымдастыру, жарғының жаңа редакциясы, жарғылық капиталдың ұлғаюы, қызмет түрлерінің және атауының өзгеруі.

Алайда, Кәсіпорын қызмет түрлерін кеңейтуге монополияға қарсы органның келісімін алған жоқ, бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192 – бабының 4-тармағындағы талап аясында  орындалмағандығын көрсетеді.

Осылайша, Бөлімнің іс-әрекетінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын монополияға қарсы органның келісімінсіз мемлекеттік кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеу бөлігіндегі бұзушылықтардың болуы анықталды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Департамент Бөлімге қатысты Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы Нұсқама шығарды.

Қазіргі таңда қосылған қызмет түрін Бөлім алып тастап, Нұсқаманы орындады.

Анықтама:

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің (Кодекс) 192 – бабының 4-тармағымен «өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлері кеңейтілген және (немесе) өзгертілген кезде монополияға қарсы органның келісімі қажет».

Сондай-ақ «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларды және олармен үлестес тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші орган монополияға қарсы органның келісімімен жүзеге асырады.

Мәліметпен бөлісу: