Азаматтарымыздың баянды болашағы үшін



Еліміздегі саяси өзгерістердің бастау бұлағы — сайлау бір мақсатты көздейді. Атап айтқанда, азаматтарымыздың баянды болашағын қамтамасыз етуге, еліміздің экономикасын дамытуға бағытталған.


Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сарқан аудандық қоғамдық штаб мүшелері Қадыл Жанасбеков, Ербосын Тоқжігітов «Сарқан» орталық әмбебап базарында және «FRESH MART» дүкенінде қарапайым жұртшылықпен жүздесу барысында осылай деді. Ал жарқын келешегіміз Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың соңғы Жолдауынан желі тартады.

Осылай деп «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты жақсылыққа толы Жолдаудағы әрбір өзгерісті тарқатып түсіндірген аудандық штаб мүшелері әрбір адам балаларының алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, саяси науқанға белсенді атсалысу қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ кездесу барысында штаб мүшелері барлық өзгерістердің қайнары – сайлаудың мән-маңызына тоқталып, сайлаушылар пікіріне ден

Мәліметпен бөлісу: