АЗАМАТТЫҚ АЙҚЫН ҰСТАНЫМ ТАНЫТАЙЫҚ

Елдің болашағы – әр азаматтың жауапкершілігі мен белсенді азаматтық ұстанымынан басталады. Қоғамның дамуы тек мемлекеттік органдардың жұмысына ғана емес, әрбір азаматтың ел өміріне араласуына, өз пікірін білдіруіне және ортақ іске үлес қосуына байланысты.

Азаматтық ұстаным – туған елге деген жанашырлықтан, заңды құрметтеуден, қоғамдық тәртіпті сақтаудан және ел болашағына бейжай қарамаудан көрінеді. Өз құқығы мен міндетін білетін, қоғамдағы өзгерістерге белсенді араласатын азамат – мемлекет дамуының маңызды тірегі.

Алдағы маңызды саяси науқан – Құрылтай сынды қоғамдық-саяси үдерістерде де азаматтардың жауапкершілігі ерекше. Әрқайсымыз елдің ертеңіне қатысты мәселелерге саналы көзқараспен қарап, өз таңдауымызды жасауға тиіспіз. Өйткені халықтың белсенділігі мен бірлігі – тұрақты дамудың берік негізі.

Бүгінгі таңда қоғамға өз ісіне жауапты, отаншыл, бастамашыл азаматтар қажет. Елдің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтау, жас ұрпаққа дұрыс бағыт беру, туған өлкенің дамуына атсалысу – баршамызға ортақ міндет.

Айқын азаматтық ұстаным – елге деген жауапкершіліктің көрінісі. Ендеше, ел болашағына бейжай қарамай, қоғамдық өмірге белсенді араласып, ортақ мақсат жолында бірлігімізді нығайтайық!

Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысып, мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік беретін маңызды үдеріс. Халықтың таңдауы мен азаматтық жауапкершілігі – ел болашағының берік негізі.

Сондықтан әр дауыс – ел ертеңіне қосылған үлес.

Қадыл Жанасбеков,Сарқан ауданының Құрметті азаматы

Мәліметпен бөлісу: