Азаматтық қоғам құрудағы маңызды қадамдардың бастамасы



Қазақстанда жасалып жатқан барлық реформалар мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами капиталды арттыруға, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, түптеп келгенде қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатыр.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Өзгерісті әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Әрбір адам және бүкіл қоғам жаңғыруы қажет. Құндылықтарымыз түбегейлі жаңаруға тиіс. Мұның бәрі – оңай жұмыс емес, біртіндеп қалыптасып, жылдар бойы жалғасатын үдеріс»,– деген болатын. Шын мәнінде, конституцияға өзгерістер енгізілуі және реформаның негізгі мәні – билік өкілдері мен бұқара арасында нақты нәтиже беріп, қордаланған мәселелердің жүйелі шешімін табуға арқау болатын екіжақты тиімді диалог ұйымдастыру, аймақтық, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының белсенділігін жетілдіру азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуды көздейді.
Мемлекет басшысының биліктің халыққа жақын болуын ерекше тапсырып, осы орайда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын баршаға ортақ міндет етіп, аз уақыттың ішінде көп жұмыс атқарылды. Бірнеше сатыдан өткен саяси өзгерістер ендігі уақытта елдің даму кілтіне айналары сөзсіз.
Реформалардың нәтижесінде билік тармақтарының өзара теңгерімді байланысы қалыптасып, мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог жолға қойылады. Бұның бәрі мемлекеттік құрылымның жаңа моделі – Жаңа Қазақстанымызды қалыптастыруға жағдай жасайды.

П.Ораз,
Бақалы ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы.

Мәліметпен бөлісу: