Азаматтық парызға адалдық

Апта басында аудан әкімінің орынбасары Арман Тұрсыновтың төрағалығымен мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыруды арқау еткен алқалы басқосу болып өтті. Жастарды қарулы күштер қатарына шақыру жөніндегі комиссия отырысының негізгі баяндамасын аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, майор Талғат Әлсейітов жасап, күн тәртібіндегі мәселе бойынша өздері тарапынан жасалып жатқан шаруаларды атап өтті.

Көтеріліп отырған мәселеге орай мінберге аудандық аурухананың емхана меңгерушісі Жанат Қасымбекова, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Сарқан аудандық бөлімінің өкілі Айдос Бурбаев, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілі Дәурен Байсериков және АІІБ-і бастығының орынбасары Мұрат Қалиасқаров көтеріліп, түйткілді түйінді шешуге қатысты өз ойларын білдірді. Отан алдындағы ер жігіттің азаматтық парызын уақытында атқаруына тәрбие жұмыстарының жеткілікті жүргізілмеуі де өзіндік кері әсерін тигізгендігі сөзсіз. Мерзімінде тұрғылықты мекен жайдан тіркеуден шығу және тұру ісіндегі салғырттық та кемшілікке кеңшілік туғызып отыр. Кеңесте сондай-ақ ортақ мәселе бойынша әркім өз ұсыныстарын ортаға салды. Жиынды қорытқан Арман Тұрсынұлы мүдделі тараптарды бірлесе жұмыс жасауға шақыра келе бірқатар тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

П.ЖЕҢІСХАН.

Мәліметпен бөлісу: