Азаттық белгілеріне айрықша құрмет

Аудан әкімдігі жанынан құрылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану жөніндегі аудандық комиссия мүшелері жақында бірқатар мекемелерді аралап елдігіміздің бас белгілерінің ұйымдарда қолданылу заңдылығын көзбен көріп қайтты.

Атап айтқанда аудандық мемлекеттік Кіріс басқармасы, Сарқан политехникалық колледжі, Сарқан облыстық көмекші мектеп-интернаты, №1 мектеп-гимназиясы қатарлы ұжымдарға бас сұғып егемендігіміздің ерекше белгілерінің ғимарат ішінде, сыртында орналасу заңдылығын, түнгі мезгілде жарықтандырылуын тексерген аталмыш комиссия бірқатар кемшіліктерді анықтап оларды жою бойынша жауапты тұлғаларға нақты нұсқаулар берді. Сондай-ақ жас буынды отансүйгіштікке баулып,  патриоттық тәрбие беруге бағытталған арнайы тақырыптық көрмелердің болуы да назарға алынды.

П.Жеңісхан.

Мәліметпен бөлісу: