«Қазір арқан тартысатын уақыт емес» — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – жоғары инфляция екенін атап өтті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы.

Мемлекет басшысының айтуынша, инфляция экономикалық өсімге де, халық табысына да кері әсер етіп отыр.

«Бұл мәселенің дайын шешімі жоқ. Көп елде ортақ проблема болғанымен, Қазақстанда айрықша өткір сипатқа ие. Біз осы макроэкономикалық шеңберден шығуымыз керек. Қиын, бірақ қажет қадамдарға баруға дайын болуымыз қажет», – деді Тоқаев.

Ол Үкімет пен Ұлттық банкке ортақ міндет жүктелгенін атап өтті.

«Қазір арқан тартысатын уақыт емес. Алдымызда бүкіл мемлекет үшін ортақ мақсат тұр», – деп түйіндеді Президент.

Мәліметпен бөлісу: