
Ел болашағына бейжай қарамайтын ақсақал бұл күннің маңыздылығын ерекше атап өтті. Ол дауыс беру – әрбір азаматтың парызы екенін айтып, жастарды да ел тағдырына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Қарияның айтуынша, мемлекетіміздің дамуы мен болашағы әрбір азаматтың белсенділігіне байланысты. Сондықтан ол барша тұрғындарды сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауға үндеді. Ақсақалдың бұл ісі жас ұрпаққа үлгі болып, елге деген жанашырлық пен жауапкершіліктің айқын көрінісі болды.
Түсіпбай Қасен ақсақал 82 жасында республикалық референдумда өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті. Сарқанның қазыналы қариясы ел болашағына бейжай қарамай, дауыс беру учаскесіне келіп, маңызды саяси науқанға қатысты.
