Баға бақылауда болады

  Сарқан ауданында көгілдір отынның бағасы төмендеді деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Апта басынан бері, автогаздың 1 литрі 70-75 теңгеге тұрақтаса, ал тұрмыстық газ балон 1600 теңгеге тұрақтады. Аудан бойынша 5 жағар жанармай бекеттері бар. Олардың бағаны шамадан тыс өз еріктерімен бекітілген бағадан асырып көтермеуі үшін, күн сайын бақыланып, қадағаланып отыратын болады.

«Газды осы күнге дейін 2800 теңгеден сатылымға шығарып келдік. Енді оның бағасы едәуір төмендеді. Бүгінгі күні автогаздың литрі 70 теңге, ал газбалон 1600 теңге көлемінде. Автокөлікпен тасымалдаудағы газбалонның бағасы 1800 теңге» — деді «Сарқангазсервис» директоры Ермек Серкебаев.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы да қатаң бақылауға алынатын болады.

Төтенше жағдай кезінде азық-түлік бағасын қолдан өсірген жайтқа куә болсаңыз, мына нөмерге хабарлауыңызды сұраймыз!

87055633444.

Если вы стали свидетелем искусственного роста цен на продукты питания во время режима ЧП, просим позвонить на следующий номер телефона:

87055633444.

Мәліметпен бөлісу: