Бағдарлама желісімен жүйелі жұмыс

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Осы бағдарламаның маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды аудандық статистика басқармасының қызметкерлері негізге алуда.

Статистика саласында «Цифрлы Қазақстан» сияқты бағдарлама жүзеге асырылуда. Жаңа талаптарға сай респонденттердің 75 пайызы онлайн режимде статистикалық есептерді электрондық сандық кілттермен тапсырып отыр. Осы бағытта семинарлар, респонденттерге кеңес беру сияқты іс–шаралар өткізілуде.
Сонымен қатар, статистика басқармасының қызметкерлері компьютерлік сауаттылықтарын, мәдени, этикалық дағдыларын үнемі дамытып отырады.

Ж.ЕЛЮБАЕВА,
аудандық статистика басқармасының жетекші маманы.

Мәліметпен бөлісу: