Бағдарламаны талқылады

«Нұр Отан» партиясы Сарқан аудандық филиалының желілік кестесіне сәйкес апта басында аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш қоғамдық кеңестің төрағасы Е.Дармышев және кеңес мүшелері «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасын талқылады. «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел — өркендеуші ел» партиялық жобасының тұжырымдамасымен жан-жақты таныстырған Ерлан Ерұзақұлы құжаттың негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін көзқарас пен құқықтық сананы қалыптастыру, мемлекетті, қоғам мен бизнесті осы әлеуметтік кесапатқа, қоғамдық дертке қарсы жұмылдыру болып табылатындығын жеткізді.

Мәліметпен бөлісу: