
2026 жылғы 8 қыркүйек күні Сарқан ауданы Көктерек ауылында «Бақытты отбасы – ортақ жауапкершілік» тақырыбында жас ана, «Күміс алқа» иегері Нұрғалиева Гүлмирамен кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаты – отбасындағы өзара түсіністік пен жауапкершілікті арттыру, қаржылық сауаттылықты қалыптастыру, отбасы мүшелері арасында міндеттерді дұрыс бөлу және бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлін нығайту.
Іс-шара барысында ауылымыздағы жас ана, көпбалалы ана, «Күміс алқа» иегері Нұрғалиева Гүлмираның үйіне арнайы барып, Отбасы күнімен құттықтап, отбасына ізгі тілектер білдірілді. Гүлмира Нұрғалиеваға отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған үлесі үшін Алғыс хат пен сыйлық табысталды.
Кездесу барысында отбасылық бюджетті тиімді жоспарлау, кіріс пен шығысты дұрыс басқару, тұрмыстық міндеттерді өзара бөлісу, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі мен отбасылық құндылықтардың маңызы жөнінде пікір алмасу жүргізілді.қоғамның негізгі тірегі екені, бала тәрбиесі мен отбасындағы береке-бірлік әрбір отбасы мүшесінің ортақ жауапкершілігі екені атап өтілді.
https://www.instagram.com/reel/DdA931rh_FP/?utm_source=ig_web_copy_link&stkn=MzRlODBiNWFlZA==
