
2026 жылғы 23 тамыз күні өткен Құрылтай сайлауында Лепсі ауылының №375 сайлау учаскесінде ерекше белсенділік байқалды. Балқаш көліне демалуға және қонақ болып келген Талдықорған қаласының туристері де азаматтық белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап, дауыс берді.
Бұл – еліміздің әрбір азаматы үшін маңызды саяси науқанға деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Қонақтарымыздың ел болашағына бейжай қарамай, сайлауға қатысуы жоғары азаматтық мәдениеттің үлгісі болды.
Құрылтай сайлауына қатысып, өз дауыстарын берген барлық азаматтарға алғыс білдіреміз!
