Би өнері-əуеннің ырғағымен дене қимылы арқылы көрсетілетін өнер. Əр өнердің өзіндік ерекшелігі бар. Би өнері–тілсіз өнер. Оның да айтар мағынасы болу керек. Мұнда адам ойындағы, жүрегіндегі жазуды би өнерімен жеткізе білу басты шарт. Ол үшін қолдың, дененің, саусақтың, буынның əр қимылы үлкен рөл ойнайды. Би образдары адамның ішкі жан-дүниесін көрсетіп, болмысынан хабар береді. Би билеудің дене шынықтыру үшін таптырмас амал екенін баса айтқанымыз жөн.
«Адамзаттың бірінші ұстазы» атанған ежелгі грек философы Аристотель: «Би — адамның мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін, əрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет əдетте оны туғызған сезім күйіне сəйкес келеді», деген екен. Ішкі рухани əлемімізді ашып, сұлулыққа тəрбиелейтін, игі қасиеттерді бойымызға сіңіретін де би өнері. Шын өнерді бағалай білетін талғампаз көрермен, дені сау, өнерлі ұрпағымыз көбейсін демекпіз.
Сондай ұрпағымыздың бірі Қарабөгет ауылындағы әл-Фараби атындағы орта мектебінің 11сынып оқушысы Есжан Айзада. Бүгінгі Елбасы қолдаған Мəңгілік елдің қыранын самғату, рухани жаңғырудың игі жолында еліміздің қызғалдақтай құлпырған, нəзік те сұлу, мың бұралған қазақ қыздарының парасаттылығын, ибалылығын, мəдениеттілігін бір ғана кішкентай образдың астарымен сомдап, əрине нəзік жүректі, қазақи тəрбиемен сусындап өскен ибалы қыздарының бірі бола тұра, өз туған жеріне, еліне би өнерін шарықтатпасам несіне қазақ болам… Міне, осындай арман- мақсатпен шыңдалған Айзаданың балалық қиялы шынайы өмірінде биік белестерді бағындыруға себепші болды. Бірде Айзададан би өнерімен қашаннан бастап айналыстың деп сұрағанымда кішкентай кезімнен бастап қой, неге екенін білмеймін əйтеуір əкем кішкентай кезімде кім боласың деп сұрағанда үлкен биші боламын деп жауап беріппін дейді. Міне осындай бала кездегі арманының арқасында бүгінгі таңда Айзадамыз талай рет аудандық, облыстық одан қала берді республикалық жарыстарға қатысып, мектебіміздің намысын қорғап, жүлделі орындарды иеленіп мектеп ұжымын өзінің толағай табыстарымен қуантып отырды. Осыған куə жақында ғана «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырған «Ханшайым-2019» сұлулық байқауына қатысқаны. Аудан көлеміндегі талантты бойжеткендердің мүмкіндіктерін барша көрерменге паш етіп, үндестік пен əдемілік арқылы өлкеміздің гүлденуіне үлесін қосу мақсатында ұйымдастырылған бұл байқау 3 бөлімнен тұрды. 1 бөлім: «Қыз өссе елдің көркі» (таныстыру), 2 бөлім: «Өнерім өмірім» (ән, би және өлең оқу), 3 бөлім: «Сұлулық сыры» (дефиле, кешкі көйлек). Аталмыш байқауға 16-18 жас аралығындағы ақылы мен сымбатына көркі сай, өнерге бейім, өз ойын еркін жеткізе алатын үміткерлер қатысты. Сонымен байқауға аудан бойынша 15 үміткер қатысты. Айзадаға жанкүйер боламыз деп сыныптастары мен ұстаздары көрермендер залында отырып өнерлі қызымызға барынша демеу көрсетті. Мектебіміздің намысын қорғағалы тұрған Айзадамызға берекелі мектеп ұжымы қаржылай көмек көрсетіп, іштей тілеулес боп сүйінші хабарды күттік. Байқаудың барлық кезеңінен Айзадамыз сүрінбей өтіп, қалған үміткерлерден оқтай озып алдыға шықты. Əділқазылар алқасы үміткерлердің инабаттылығына, сырт-сымбатына, талғамына, өнеріне, зияткерлігі мен сахналық келбетіне баса назар аударып əділ шешімін бере білді. Сонымен, «Ханшайым-2019» сұлулық байқауында өзінің сырт келбет əдемілігімен, биязылығымен, сыпайылығымен, білімімен, өнерімен бүкіл көрермендер қошеметіне ие болған әл-Фараби атындағы орта мектебінің 11а сынып оқушысы Есжан Айзада «Бас жүлде» иегері атанды!!!
Жарайсың, Айзада, өнердің тағы бір шыңын бағындырдың, барша жұртқа би өнерінің дарыны екеніңді мойындаттың!!! Əрине, мұндай мəртебе оңайлықпен келмейтіні анық. Осы бір ауқымды істің ұйытқысы болған мектебіміздің директоры Сарсенбаева Бақытгүл Сламжановна, Айзаданың көркемдік жетекшісі дене шынықтыру пəнінің мұғалімі Досаноманова Айгүл Байғазиевна жəне технология пəн мұғалімі Молдажанова Лаура Серикжановна, қаржылай көмектерін көрсете білген бастауыш сынып мұғалімі Жумагалиева Назгүл Ербосыновна, 11а сынып жетекшісі Мамбетбаева Айнагуль Даулетхановна жəне кішкентай кезінен бастап қыздарының бетінен қақпай демеу көрсетіп, жол сілтеп, ақылдарын айта білген əкесі Белмұрат пен анасы Амангүлге мың алғыс!!! Сəби кезінен бастап қыздарының қылығына тоймай, əрбір жетістігіне қуанып, əрбір ісіне демеу көрсетіп, қолпаштап жүрген Айзаданың ата-анасына мектеп ұжымының атынан рахметімізді айтамыз. Барлық ата-ана Сіздердей болсын дегім келеді.
Осы байқаудан соң Айзададан болашақтағы арманың не деп сұрағанымда: «Арман көп қой, Апай»,- деп күлді де, «Мен Қазақстанға еңбек сіңірген биші болғым келеді. Биші болу бала арманым еді. Туған жерімнің атын шығарғым келеді»,- деген еді. Ендеше, Айзадаға алған бетіңнен қайтпай, дарындылығыңды одан əрі шыңдап, болашақта талай белестерді бағындырып, ата-анаңның үмітін ақтап, бала арманың орындалсын дегім келеді.
Р.Амиренова,
әл-Фараби атындағы орта
мектептің ағылшын тілі
пəнінің мұғалімі.