Балаларға жасалған инвестиция


«Ұлттық қор – балаларға» бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық табысынан әр баланың болашағына беріліп отырған үлкен қолдау болып табылады.
Жалпыға бірдей міндетті оқу қорының мақсаты да әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушылардың білім алу үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы бағыттағы жұмыстар барлық білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуда. Аталған көмек орташа табысы төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайға тап болған және де басқа осындай санаттағы отбасы балаларына көрсетіледі.
Білім беру ұйымдарында күніне бір рет ыстық тамақ беріліп, қажетті кеңсе тауарлары, спорт, мектеп құралдары ұсынылады. Мәдени-спорттық іс-шараларға қатысуға, жазғы лагерьлерге жолдама алуға көмек көрсетіледі.
Ұлттық қордан бөлінетін қаражат – балалардың болашағына жасалған маңызды инвестиция. Бұл бастама Қазақстанның ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етіп, әрбір баланың жарқын болашағына жол ашады. Осылайша, Ұлттық қор тек бүгінгі экономиканың тірегі ғана емес, сонымен қатар келешек ұрпақтың да игілігіне қызмет ететін стратегиялық ресурс болып қала береді.

Мәліметпен бөлісу: